Алматыдан Лондонға ұшқан Air Astana ұшағы Франкфуртке қонуға мәжбүр болды. Бұған британдық NATS операторының әуе диспетчерлеріне арналған ұшу жоспарларын өңдейтін жүйесіндегі техникалық ақау себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Лондонға ұшу алдын ала келесі күнге, яғни Астана уақытымен сағат 16:00-ге (UTC бойынша 11:30) ауыстырылды.
67 жолаушының жарамды Шенген визасы болмағандықтан, олар әуежайдың транзиттік аймағында қалуға мәжбүр болды. Барлық жолаушыға тамақтануға арналған ваучерлер берілді.
Ұлыбританиядағы ақауға байланысты 1 мыңға дейін рейс тоқтатылды. Сонымен қатар Хитроу әуежайына бағыт алған тағы 13 рейс басқа әуежайларға бұрылды.