Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы Дюсембеков көшесінде орналасқан екі қабатты автокөлік базарының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт салдарынан бірінші қабаттағы автокөлік бөлшектерін сататын бес бутик, сондай-ақ сөрелер мен жиһаз жануы орын алды.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілер жалынның көршілес орналасқан 21 сауда орындарына таралуына жол бермеді. Өрттің жалпы аумағы 120 ш.м. құрады.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.