«5 жылда бірінші рет»: Олжас Абай Дариға Бадықова туралы жазба жариялады

Бүгін, 10:32 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші әрі актер Олжас Абай Дариға Бадықова туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол екеуінің бес жыл ішінде алғаш рет бір ай бойы көріспегенін айтып, оған деген сезімі жайлы ашық білдірді.

«5 жылда бірінші рет бір ай уақыт көріспедік. Екеуіміз де оңай адам емес екенбіз… Тылсым сезім жек көрген сайын естен тандырып, жақсы көргізіп жіберетіні таңқалдырады… Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Терең ғылымды дұрыстап зерттеп алмай, жарылқай бергенге жанып кетер жайым жоқ. Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем? Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», – деп жазды О. Абай желідегі парақшасына.