Brent пен WTI маркалы мұнай бағасы өсіп жатыр

Бүгін, 09:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

9 қыркүйек күні таңертең әлемдік мұнай бағасы төртінші сауда сессиясы қатарынан өсіп келеді. Нарық қатысушылары Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының белсенділігі төмендеуіне байланысты мұнай жеткізіліміне төнетін тәуекелдерді бағалауда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттік мәліметінше, сауда-саттықтың басында Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,57 долларға немесе 1,6%-ға өсіп, барреліне 99,49 долларды құрады.

Америкалық West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайдың бағасы 1,60 долларға немесе 1,72%-ға қымбаттап, барреліне 94,63 долларға жетті.

Баға белгіленімдерінің өсуі Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуі аясында болып отыр. Нарыққа аймақтағы мұнай жеткізілімі үзіліп қалуы мүмкін деген алаңдаушылық та қосымша қысым жасап отыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, соңғы он күнде Ормуз бұғазы арқылы жүк кемелерінің қозғалысы орташа деңгейден төмен болып отыр. Сейсенбі күні бұғаз арқылы алты жүк кемесі өткен. Ал орташа көрсеткіш шамамен 12 кемені құрайды.

Бір күн бұрын Brent маркалы мұнай сауда-саттықты барреліне 97,92 доллар деңгейінде аяқтаса, WTI бағасы 93,03 доллар болды. Бұл көрсеткіштер тиісінше шілде және маусым айларынан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

Тэгтер:

мұнай Ормуз бұғазы