Елімізде бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді

Бүгін, 06:43 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Экология министрлігі

8 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 12 орман өрті тіркелді.

Өрттердің басым бөлігі Қостанай облысында анықталды. Өңірде 8 өрт тіркелсе, Ақмола облысында – 2, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір өрттен шыққан.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдері мен орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы анықталды.

Тілсіз жаумен күреске «Қазавиаорманқорғау» тікұшақтары, мемлекеттік орман күзеті, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта бірқатар өңірде өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай бақылауда.