Шетел азаматы Қазақстанда 6 жылға бас бостандығынан айырылды

8 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында есірткі таратқаны үшін 33 жастағы шетел азаматы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдіктіні БҚО полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде ұстаған.

Тәртіп сақшылары ер адамды есірткі заттарын жасырып жүрген сәтінде қолға түсірген. Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар ұнтақ салынған 12 орама мен екі ұялы телефон тәркіленді. Кейін тексеру кезінде осыған ұқсас зат салынған тағы 13 орама табылған. Сотқа дейінгі тергеу барысында шетел азаматының интернет арқылы есірткі сататын дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екенін көрсеткен. Қылмыстық істі қараған сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Тэгтер:

Полиция БҚО