Трамптың ұлы мен қазақстандық блогер Моңғолия тауларында адасып кеткен

Бүгін, 20:28 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым мен АҚШ президентінің ұлы кіші Дональд Трамп Моңғолиядағы сапар кезінде бағыттан жаңылып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Саяхатшылар табиғат аясында бірнеше күн бірге уақыт өткізіп, Моңғолияның таулы өңірлерін аралаған.

Сапар барысында олар өзеннен өтетін өткелді таба алмай, біраз уақыт жол іздеуге мәжбүр болған. Соның салдарынан саяхатшылар бағыттан адаса жаздаған.

Дастан Мұхамедрахымның айтуынша, ол кіші Дональд Трамппен табиғат аясында үш күн бірге болған.

Сапар соңында қазақстандық блогер шетелдік қонаққа қазақтың дәстүрлі шапаны мен тымағын сыйға тартқан.

Тэгтер:

блогер Трамп Дастан Мұхамедрахым