«Табиғатта демалдық»: Қазақстандық трэвел-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жапты (ВИДЕО)

Бүгін, 17:50 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Танымал трэвел-блогер Дастан Мұхамедрахым АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен бірге табиғат аясында демалып қайтқанын айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер құрметті қонаққа қазақы дәстүрмен шапан жауып, тымақ кигізгенін мәлім етті.

«@donaldjtrumpjr nice to meet you! АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы кіші Трамппен бірге 3 күн табиғатта демалдық. Демалыс кезінде қазақы тымақ кигізіп, шапан жабу бұйырды», — деді блогер.

Кездесу Моңғолия мемлекетінде болған.