Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президентін құттықтады

Бүгін, 16:25 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.