Айсәуле Бақытбекке қатысты жаңа ақпарат тарады

Бүгін, 15:48 / Алуа Арман

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек Динара Сәтжанның ұлы Даниалдың тойында ерекше көзге түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айсәуленің тойдағы суретін көрген желі қолданушылары оның төртінші сәбиіне жүкті екенін айтып жатыр.

Оқырман қауым оған ақ тілегін жаудырып, жылы лебізін білдіруде.

«Ұл болса екен», «Аман-есен аяқ-қолын бауырына алсын», - дейді олар.

Айта кетейік, Айсәуле мен жұбайы Әлішер Қайдаров үш қыз бала тәрбиелеп отыр.

Тэгтер:

Бала сәби жүктілік Айсәуле Бақытбек