Танымал актер Еркебұлан Тоқтар журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өзінің киноға түсерде қоятын талаптарының бірін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сүйіскенге ақша алады дегенге көпшілік сынады. Мысалы, барып терезеден секіресің десе, мен де ақша аламын. Ол – трюк. Сүйіскенді де солай қабылдау керек. Сүйісу де трюк. Оңды-содды сүйісе бермейсің ғой. Оған да ақша аламын. Менің де кинода сүйісе бергім келмейді. Келіп тұрған актриса да адам. Оның микроорганизмдері бөлек. Мүмкін стоматиті бар шығар. Ол маған жұғады. Сілекей гиниеналық тұрғыдан да таза емес қой. Жоқ дегенде сол стоматитті емдейтін ақшаңды аласың ғой», – дейді ол.