Астаналық әйелдің мысықты жіпке байлап, сүйреп жүргені видеоға түсіп қалған. Аталған бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, оқиға Қордай көшесінде болған.
Желі қолданушылары жануарға қатыгездік көрсеткен әйелді жазалауды талап етті.
«Жануарларға қорлық көрсететіндер әбден шаршатты», «Оны жазалау керек!», «Мынау не деген ессіздік?!», «Шок болып отырмын. Мұндайды қалай ойлап табуға болады?!», – деп жазды көпшілік.
Астана қаласының Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Осы факті бойынша қыздың жеке басын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша оның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі.
Полиция департаменті ескертеді: «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кез келген құқық бұзушылықтың жолы кесіледі», – делінген хабарламада.