Талдықорған тұрғынынан 6,5 келі есірткі тәркіленді

Бүгін, 10:45 / Алуа Арман
polisia.kz

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдықорған қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз айналымға шығарды деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.

Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту барысында өсімдік тектес зат анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың гашиш екені анықталды. Оның жалпы салмағы 6,5 келі болған.

Осылайша, заңсыз айналымнан қала көшелеріне таралуы мүмкін есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүргізілуде. Ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталып жатыр.

Тэгтер:

Есірткі Жетісу облысы гашиш Талдықорған