Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелді

Бүгін, 00:16 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

7 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрттердің біреуі Шығыс Қазақстан облысында, екеуі Қостанай облысында, тағы біреуі Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мамандарының әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы барысында дер кезінде анықталған.

Тілсіз жауды сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар мен арнайы техника жұмылдырылды.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.

Мамандар тұрғындарды орман аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Тэгтер:

өрт Орман