Маңғыстау облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін, 16:59 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

8-14 қыркүйек аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты республикалық маңызы бар KAZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 705–712 шақырымдары аралығындағы (Шетпе–Жетібай) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде автокөлік қозғалысы Жетібай ауылының ішкі жолы арқылы ұйымдастырылады.

Жолды 2026 жылғы 14 қыркүйекте ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.