Қарағандыда саяжайдан оқ тиген екі адамның мәйіті табылды

Бүгін, 16:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағандыда саяжай алқаптарының бірінен екі адамның мәйіті табылды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан атындағы аудан аумағында болған. Саяжай қоғамдастығының аумағынан оқ жарақаттары бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денелері табылған. Қаза тапқандардың саяжай қоғамдастығының төрағасы мен жергілікті белсенді әйел екені айтылуда.

Құқық қорғау органдары қылмыс жасады деген күдікпен азаматты жедел түрде анықтап, ұстады.

«Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Тэгтер:

қылмыс Қарағанды саяжай тергеу оқ