Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінде екі алтын жеңіп алды

Бүгін, 14:20 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогінің кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) басып озды.

Екінші күні Қазақстан өкілдері алғашқы екі орынды иеленді. Жеңімпаз атанған Илья Мизерных 267,4 ұпай жинады. Екінші орынға 259,8 ұпаймен Данил Васильев жайғасты. Үздік үштікті 244,5 ұпай жинаған австриялық Якоб Штайнбергер түйіндеді.

Тэгтер:

Қазақстан құрамасы алтын медаль кубок шаңғымен тұғырдан секіру