«Қызыма гольф ойнайтын бай жігіт керек»: Баян Алагөзова болашақ күйеу баласына қойылатын талаптарды айтты

Бүгін, 12:07 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, екінші қызы Айару жайлы айтты. Журналист оған «Болашақ күйеу балаңыздың әлеуметтік жағдайы маңызды ма? Егер Айару кедей жігітті жақсы көріп қалса, махаббатқа қарсы болмайсыз ба?» деген сұрақ қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Айару жігітін менімен таныстырады деп ойлмаймын, әрине, сыннан өтеді. Махаббаттарына қарсы болам-болмаймын деп кесіп айта алмаймын. Бірақ Айару әлеуметтік теңсіздіктің күні ертең отбасында үлкен әлеуметтік мәселелерге алып келетінін жақсы түсінеді. Қызым арзан жерлерге бармайды, қымбат жерлерде жүреді. Гольф ойнайды, ол жерде ол кіммен танысады? Өзі сияқты көзі ашық жігіттермен танысады. Гольфты ақшасы жоқ адам ойнамайды ғой. Айару әлемнің түрлі музейлерінде болған. Лев Толстой сияқты жазушыларды оқыған. Классикалық музыканы жақсы біледі. Осы нәрселерді білмейтін жігітпен Айарудың әңгімесі жарасады деп ойламаймын. ОЛ ағылшын тілін білмейтін жігітпен сөйлесе алмайды, мысалы», - дейді продюсер.

Тэгтер:

махаббат Баян Алагөзова күйеу бала Айару Бақытбек гольф