Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының қазіргі бағамы жарияланды.
Kurs.kz мәліметінше, елордадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 453 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның сатып алу бағасы – 525 теңге, сату бағасы – 535,01 теңге. Ресей рублі 5-5,27 теңге аралығында, ал Қытай юані 68,59-72,55 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда доллар 455,58 теңгеден сатып алынып, 457,90 теңгеден сатылуда.
Қаладағы айырбастау орындарында еуроның сатып алу бағасы 528,13 теңге, сату бағасы 532,54 теңге болды. Ресей рублі 5,15-5,27 теңге, ал юань 68,32-70,66 теңге аралығында айырбасталып жатыр.
Айырбастау орындарындағы валюта бағамы тәулік ішінде өзгеруі мүмкін.