Президент Валерий Михайловты «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін, 09:09 / Алуа Арман

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Валерий Фёдорович Михайлов 1946 жылғы 7 қыркүйекте ҚазКСР-нің Қарағанды қаласында дүниеге келген. Кеңестік және қазақстандық журналист, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (2024). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014).

1969 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері-геофизик мамандығы бойынша бітірген.

1969–1979 жылдары «Вечерняя Алма-Ата», «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газеттерінің редакцияларында әдеби қызметкер, тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1979–1987 жылдары «Простор» журналы редакциясының деректі проза бөлімінің меңгерушісі болды.

1987–1993 жылдары шығармашылық жұмыспен айналысты.

1993–1997 жылдары Қарағанды облысы бойынша «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі, кейін бас редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

1997–2003 жылдары «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болды.

2003–2016 жылдары «Простор» журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Тэгтер:

жазушы Барыс ордені Валерий Михайлов