Жітіқарадағы дала өрті оқшауланды

6 қыркүйек, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қостанай облысына қарасты Жітіқара ауданында шыққан дала өрті оқшауланды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Ведомствоның дерегінше, өртті сөндіруге ТЖМ мен өзара іс-қимылдағы қызметтердің 189 адамы және 39 бірлік техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өртті толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, шөптің биік болуы мен және қатты жел өрт сөндіруге едәуір қиындық тудырғаны хабарланған еді. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында болды.