Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Бүгін, 06:14 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында екі балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерасты дүмпуі 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де тіркелді. ҚР ТЖМ «ҰҒЗСҰО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары – 49,167 градус солтүстік ендік және 84,417 градус шығыс бойлық.