Теміртауда көпқабатты үй өртенді: құтқарушылар төрт адамды аман алып қалды

Бүгін, 05:54 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағанды облысының Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері төрт адамды құтқарды.

Өрт 70-орамда орналасқан тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде болған. 10 шаршы метр аумақта үй заттары, тұрмыстық техника, жиһаз және терезе блогы жанған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен төрт адамды, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне дереу хабарласу қажеттігін ескертеді.