Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Бүгін, 15:16 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауы үшін алғыс айтып, Қазақстан-Италия қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Джорджа Мелони бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Италия үкіметінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулер кезінде көрсеткен ықыласы мен достық қарым-қатынасы үшін ризашылығын білдірді.

«Болашаққа көрегендікпен қарайтын көшбасшымен бірге жұмыс істеу – үлкен мәртебе», – деп жазды ол.

Мелонидің айтуынша, екі ел энергетика, маңызды минералдар және университетаралық ынтымақтастық бағыттарында жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді дамытуға ниетті.

Ол Италия мен Қазақстан арасындағы өзара байланысты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.