Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында көкпардан күміс жүлде иеленді

Бүгін, 12:38 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалда Қырғызстан мен Қазақстан командалары кездесті.

Ақтық сында есеп 7.2 көрсеткішімен қырғыздардың пайдасына шешілді.

Жалпы бұл ұлттық спорт түрінен жарысқа жеті команда қатысты.

Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да қазақтар мен қырғыздар финалда тартысып, Қазақстан құрамасы 5.4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол кезде бұл нәтижеге қатысты бірқатар пікіталас болған.