Елімізде дамыған үшінші өңір - Оңтүстік Қазақстан

Елімізде дамыған үшінші өңір - Оңтүстік Қазақстан

Елімізде дамыған үшінші өңір - Оңтүстік Қазақстан
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда өткен жылы 800 миллиардқа жуық теңгенің өнімі өндірілген. Осы көрсеткіштің арқасында облыс өндірісі өркендеген үшінші өңір атанды. Жергілікті кәсіпкерлермен бизнестегі мәселелерді талқылау мақсатында аймаққа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев барды. тОл жұмыс сапары аясында Ордабасы ауданындағы құс фабрикасының тыныс-тіршілігімен танысты. Еліміз және Орта Азия бойынша күрке-тауық өсіретін жалғыз кәсіпорынның болашаққа жоспары айқын. Алдағы уақытта кәсіпорында өз жемін өзі шығарып, құс етін қайта өңдейтін аймақтық кластер құрылмақ. Палата төрағасы кәсіпкерлерді толғандырған мәселелерді тыңдады. Жиында субсидия беру жайы мен ұнды экспорттау кезінде қосылған құн салығын қайтып беру мәселесі көтерілді.