Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасарлары тағайындалды

Бүгін, 12:40 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.