Алматыда танысудан бас тартқан қыздың үстіне су шашқан ер адам ұсталды

4 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық орында қызбен танысуға әрекет жасаған ер адам оның бас тартуынан кейін үстіне су шашқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғадан соң қыз полицияға жүгініп, көмек сұраған.

Құқық қорғау органдары ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады. Жиналған материалдар ұсақ бұзақылық дерегі бойынша сотқа жолданған.

Полицияның мәліметінше, сот ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

"Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды", – деп хабарлады полиция.

Осылайша, танысудан бас тартқан қыздың үстіне су шашқан ер адамға әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Тэгтер:

Алматы Су танысу