Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мөлдір Әуелбековамен қазіргі қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сұхбат барысында ол алдағы жобаларына кімдердің қатысуы мүмкін екенін де айтып өтті. Продюсердің сөзінше, Мөлдір Әуелбекова жаңа жобаға қатыспайды. Ал Балжан Бидашқа қатысты нақты шешім әзірге қабылданбаған.
"Құдайға шүкір, Мөлдір Әуелбекова нақты қатыспайды. Ал Балжан Бидаш туралы әзірге білмеймін. Ештеңе айтпаймын. Тосынсыйлар болуы мүмкін", – деді Баян Алагөзова.
Сонымен қатар продюсер Мөлдір Әуелбекованың бұған дейін өзінен кешірім сұрағанын еске алды. Оның айтуынша, сол кезде ол кешірімді қабылдаған, алайда енді бұрынғы қарым-қатынасты қайта жалғастыруға ниетті емес.
"Менің ойымша, екі рет бір арнаға кіру мүмкін емес. Мөлдір Әуелбекова бұған дейін де кешірім сұрап келген. Мен оған келісімімді беріп, "жақсы" деп қабыл алдым. Ал екінші рет мен қаламаймын. Маған қажет емес және мен енді сенбеймін. Сенуге болмайтын адам", – деді продюсер.