Атыраудағы отбасы қазасы: Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тың дерек шықты

Бүгін, 20:29 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша апелляциялық шағым түскен жоқ. Осыған байланысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп turkystan.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі атышулы іс бойынша прокурор, жәбірленуші тарап, сотталған Сұлтан Сәрсемалиев және оның адвокаты бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымданбағанын растады.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімді 2026 жылғы 14 шілдеде шығарған. Енді ол түпкілікті күшіне енді.

Сұлтан Сәрсемалиев бұған дейін әйелінің төрт туысын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Іс Атырау облысы Жангелдин ауылында тұрған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева, қызы Мирамгүл Қарабалина және ұлы Наурыз Мұқанғалиеваның қазасына қатысты. Отбасы мүшелері 2025 жылы із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Тэгтер:

Атырау Сұлтан Сәрсемалиев