Жаңалықтар

«Қазақстанның даму банкі» мен «Бәйтерек» холдингі EXPO қалашығына көшеді

ашық дереккөзі

«Қазақстанның даму банкі» мен «Бәйтерек» холдингі EXPO қалашығына көшеді

Қазақстанның даму банкі жаңа ғимаратқа көшеді. Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтың айтуынша, қаржы ұйымы EXPO қалашығының аумағында орналасады. Қазір қажетті 2 ғимараттың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол күзде аяқталуы тиіс. Банкпен бірге «Бәйтерек» холдингінің кеңсесі де халықаралық көрме өтетін аумаққа қоныстанады. Болат Жәмішев, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы: - Біз «Бәйтерек» холдингімен тығыз байланыс орнатқанбыз. Мекеме Қазақстанның даму банкіне консалтинг қызметтерін көрсетеді. Ал жылжымайтын мүлік қоры бізге қазір орналасқан ғимаратымызды жалға беріп отыр. Бұған дейін бір жаққа көшу мүмкіндігін қарастырған жоқпыз. Енді EXPO қалашығы салынғандықтан, «Бәйтерек» холдингімен бірге сол жақта орналасуды жөн көрдік.