Елімізде жыл соңына дейін алма импортына тыйым салынды

Бүгін, 12:59 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға алма әкелуге 2026 жылдың соңына дейін уақытша тыйым салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжат 3 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Алайда шектеуге бірқатар жағдай кірмейді. Атап айтқанда, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін алмаға тыйым салынбайды. Бұл ретте тауардың соңғы баратын жері Қазақстан болмауы керек. Яғни ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен екіншісіне Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етіледі. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара отандық алма өндірушілерді қолдауға және олардың өнімін тұрақты өткізуге жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.