Алматыда билбордқа бөлінген 649 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 11:39 / Алуа Арман
istockphoto.com

2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы қаласының Әкімдігі жалпы пайдаланудағы жерлерді тізімнен заңсыз алып тастап, билбордтарды пайдалану және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін сауда-саттықты өткізбей жеке меншікке берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер учаскелері жер заңнамасының талаптарын бұза отырып сатылған. 

Сот, Алматы қаласы прокуратурасының ұсынуын орындау мақсатында енгізілген Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырды. 

Жалпы алаңы 0,298 га жол бөлінген белдеуде жеке меншіктегі 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тэгтер:

Алматы жер телімі Жер учаскесі билборд