Биржада доллар бағасы көтерілді

Бүгін, 18:01 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 455,86 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,47 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 3 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы 455,4 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 456,38 теңге, ал сатудың орташа бағамы 458,37 теңге. Астана айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 454 теңгеден сатып алып, 461 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 456,88 теңгеден сатып алып, 458,98 теңгеден сатуда.

Еске сала кетейік, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өскен. 27 тамызда 3,28 теңгеге, 28 тамызда 2,1 теңгеге қымбаттады. 31 тамызда бағам 2,23 теңгеге төмендеді. 1 қыркүйекте доллар 3,12 теңгеге арзандаса, 2 қыркүйекте тағы 2,97 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор бағам