«10 мың вольттық тоқ соққан»: БҚО-да 5-сынып оқушысы қаза тапты

Бүгін, 17:47 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні Орал қаласына қарасты Круглоозерное ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, сағат 20:30 шамасында 10 жастағы бала электр қосалқы станциясына көтерілген. Оны тоқ соғып, биіктіктен құлаған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қосалқы станцияның аумағы қоршалмаған, ал нысанның есіктері кейде құлыпталмай қалған. Балалар бұл маңда жиі ойнаған.

Кейін электр кернеуінің 10 мың вольт болғаны анықталған. Электр разряды баланың иығынан аяғына дейін өткен.

Қаза тапқан бала жергілікті мектептің 5-сыныбында оқитын.