Көшпенділер ойыны – 2026: Серікболсын Жалғасұлы құсбегіліктен алтын жүлде еншіледі

Бүгін, 17:14 / Інжу Әлихан
Спорт комитеті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы құсбегіліктен кезекті алтын жүлдені қоржынға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаршығадан Серікболсын Жалғасұлы жоғары шеберлік танытып, алтын жүлдеге ие болды!

Бұл – атадан балаға жалғасқан ұлттық өнеріміздің биік деңгейін көрсететін жарқын жеңіс. Спортшымыз қазақ құсбегілігінің дәстүрін халықаралық аренада лайықты дәріптеп, ел мерейін үстем етті.