Фермерлер ісіне серпін беретін келісім

Фермерлер ісіне серпін беретін келісім

Фермерлер ісіне серпін беретін келісім
ашық дереккөзі
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруа­шылығы министрі Асқар Мырзахметов пен «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл бас­тама қос тарап арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті дамыта түспек деп жазады Егемен Қазақстан. 
Агроөнеркәсіптік ке­шенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу сәтінен бастап құ­зырлы министрлік ауыл­­шаруашылық өнімін өн­дірушілермен де, қайта өң­деушілермен де өзара тығыз байланыста екенін атап өткен жөн.
Ендеше, жоғарыдағы құжатқа қол қою аталған бағ­дарламаны одан әрі іске асыруға жаңа серпін беріп, ауыл тұрғындарының әлеу­меттік-экономикалық жағ­дайын жақсартады. «Құжат аясында Қа­зақ­­станның аграрлық секторының үлкен әлеуе­тін ескере отырып, отан­дық өнімнің бәсекеге қабі­леттілігін жақсартуға, өнді­рісін арттыруға және сыртқы нарыққа шығуына ықпал ететін боламыз», – деді жиында вице-премьер. Басқосуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Т.Құлыбаев қол қойылған келісім қос тарап жұмысын үйлестіруді нығайту үшін негіз құрайтындығын атап өтті. Оның айтуынша, бастама агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заң­намалық базаны жетілдіру бойынша бірыңғай келісілген ұсыныстарды әзірлеуге, өнім және шикізат экспорты мен импорты мәселелерінде ұс­таным қалыптастыруға, ауылшаруашылық өнімін тікелей өткізу жүйесін да­мытуға мүмкіндік береді. Шара барысында агро­өнеркәсіптік кешен­ді дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы туралы ауқымды баяндама жасалып, құжаттың жаңалықтары мен артықшылықтары айтылды. Келісім аясында АӨК субъектілерін мем­­лекеттік қолдау әдіс-тә­сіл­дері мен құралдарын же­тілдіру, шағын және орта фермерлерді оқыту бағ­дар­ламасын іске асыру, тех­ни­калық базаны дамыту көз­делген. Сонымен қатар, жиында су тасқынынан зардап шеккен өңірлер жағдайы да сөз болды. Жиында тараптар мем­лекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі қырықтан астам іс-шарадан тұратын бірлескен жоспарға қол қой­ды