Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніне жеңіл көлік батып кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 16:58 / Інжу Әлихан
Скриншот

СҚО-да Есіл өзеніне жеңіл көлік батып кетіп, оны құтқарған сәттің видеосы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеңіл автокөлікті Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шығарды.

«Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен. Оқиға орнына көлік иесіне көмек көрсету үшін ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Автокөлікті алып шығу жұмысына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітті. Осыдан кейін құтқарушылар апатты-құтқару автомобилінің көмегімен көлікті сәтті шығарды», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.