Жол апаты Қандыағаш қаласының маңында, Ақтөбе – Астрахань автожолының 94-шақырымында болған, деп хабарлайды turkystan.kz «Диапазонға» сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, тасжолда екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан алты адам қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
Анықталғандай, жол апатынан ешкім аман қалмаған. Қаза болғандардың арасында Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары бар.