Көкшетау прокуратурасы бюджеттен заңсыз төленген 126 млн теңгені қайтарды

Бүгін, 15:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қала прокуратурасы мемлекеттік-жеке әріптестік саласындағы талдау шеңберінде жоба құнының жасанды түрде көтерілгенін анықтады, бұл бюджеттен 126 млн теңге көлемінде заңсыз төлем жасалуына әкеп соқтырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Көкшетау қаласының көшелерін жарықтандыру» жобасы бойынша мемлекеттік серіктес ретіндегі Ақмола облысының Энергетика және ТКШ басқармасы тартылған материалдар мен жабдықтар құнының экономикалық негіздемесін қамтамасыз етпегені анықталды.

Атап айтқанда, шартқа сәйкес, қуаттылығы 120 Вт бір шамның құны 80 000 теңге деп белгіленген, ал оның нарықтық құны шамамен 52 000 теңгені құрайды.

Мемлекеттік орган тарапынан бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділік және негізділік принциптерінің бұзылуы жоба құнының 126 млн теңгеге негізсіз көтерілуіне әкелді.

Қабылданған қадағалау шараларымен негізсіз төленген 126 млн теңге сомасы мемлекет табысына өндірілді.

Бюджет қаражатын нысаналы жұмсау мәселесі басым бағыт болып табылады және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Тэгтер:

Көкшетау прокуратура