Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды

Бүгін, 12:40 / Інжу Әлихан
Gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды», – делінген құжатта.