Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды

Бүгін, 12:37 / Інжу Әлихан
Үкімет

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды», – делінген құжатта.