Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы ақпарат, білімі:
Ақмарал Әлназарова 1971 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының докторы.
Мансабы:
Еңбек жолын Қызылорда қаласының қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.
1997-1999 жылдары педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері,
1999-2001 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, бастығының орынбасары,
2001-2003 жылдары Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері,
2003-2004 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы,
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының басшысы,
2007-2013 жылдары Қызылорда медициналық колледжінің директоры,
2013-2014 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары,
2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы,
2015-2019 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы,
2019-2020 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
2020-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан депутаты,
2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.