Президент Жарлығымен Жаслан Мәдиев вице-премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.