Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды

3 қыркүйек, 2026 / Інжу Әлихан
Үкімет

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.