«Мен бәрін көріп отырмын»: Аша Матай тосын мәлімдеме жасады

Бүгін, 06:17 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Тележүргізуші әрі әнші Аша Матай Құрылтай сайлауынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған Құрылтай депутаттары анықталып, ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңа сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Мемлекетіміз бен халқымыздың игілігіне жұмыс жасайды деп үміттенемін. Берген анттарыңызға берік болыңыздар. Ақ жол сіздерге, депутаттар!» – деп жазды Аша Матай.