Алматы облысында ер адам жертөлеге құлап кеткен. Ол өздігінен шыға алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Алматы облысының Іле ауданында құтқарушылар жертөлеге құлап, өздігінен шыға алмай қалған 1957 жылы туған ер адамға көмек көрсетті.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен ер адамды жертөледен шығарды.
Құтқарылған азамат алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.