Көшпенділер ойыны – 2026: Нұрсұлтан Қожагелдіұлы алыштан қола жүлдеге ие болды

Бүгін, 18:00 / Інжу Әлихан
Спорт комитеті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы 3-орын иеленіп, ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алыш – қырғыздың ұлттық белбеу күресі.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Қожагелдіұлы «Қазақстан Барысы-2026» турнирінің қола жүлдегері атанған болатын.