Ауруханада дәрігерлерді балағаттаған әйелге айыппұл салынды

Бүгін, 15:53 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық соты азаматша С.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың тамызында сағат 15:30 шамасында Құлан ауылының орталық аудандық ауруханасында азамша С. жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті, науқастар мен ауруханаға келушілердің тыныштығын бұзды. 

Кінә тараптардың, куәгерлердің айғақтарымен, учаскелік инспектордың баянатымен және хаттамамен дәлелденді.

Құқық бұзушы кінәні ішінара мойындап, жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, бірақ әдепсіз сөздерді қолданбағанын түсіндірді.

Жәбірленуші хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Кәмелетке толмаған балалардың болуын, материалдық жағдайын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Тэгтер:

Аурухана Айыппұл дәрігер балағаттау