«Мені «Қорқыныш» деп атаған сайын...»: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына желіде жазба қалдырды

Бүгін, 14:40 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) желідегі парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, келіссөздер мерзімі аяқталуға жақын қалған тұста ықтимал қарсыласын сынға алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мені «Қорқыныш» деп атаған сайын, шынымен ойлана бастадым. Расында боксшылар үшін мен нағыз қорқынышқа айналып бара жатқан жоқпын ба? Бір-екі күннен кейін оның нағыз чемпион ба, әлде аты ғана чемпион ба – соныбілеміз. Күте  тұрайық, – деп жазды қазақстандық боксшы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO титулына міндетті үміткер болып ресми бекітілген еді. Бұл белбеудің қазіргі иегері – Хамза Шираз (24-0-1, 19 КО).

Дүниежүзілік бокс ұйымы тараптарға жекпе-жек өткізу туралы келісімге 3 қыркүйекке дейін келуді міндеттеді. Алайда британдық боксшы бұл шешімді сынға алып, қазақстандық спортшымен кездесуден бас тарту үшін чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Тэгтер:

Жәнібек Әлімханұлы